Call center       +7 (7172) 57-37-46       +7 (707) 990-66-86
  • Қазақ (kk)
  • Русский (ru)
  • English (en)

Пост-релиз

20-21 қыркүйек күндері Қостанай қаласында “Kostanay-Invest 2017” атты екі күндік халықаралық инвестициялық форум өткізілді, оған 260-тан аса қатысушылар тіркелді. Олар инвестицияларды тарту және сақтау саласындағы саясатты қалыптастыру үшін жауапты орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, халықаралық және қазақстандық қаржы дамыту орталықтарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары, қазақстандық және шетелдік ірі компаниялардың өкілдері.

Форумға Қазақстанмен, оның ішінде Қостанай облысымен ынтымақтастыққа мүдделі Татарстанның премьер-министрі, Жапония, Польша мемлекеттерінің елшілері қатысты. Қазақстанның басқа өңірлерінен, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Татарстан, Польша, Жапония, Қытай, Мысыр елдерінен келген қатысушылар саны 100-ден асты.

Форумның басты тақырыбы Қостанай облысының инвестициялық мүмкіндіктерін талқылау мен Қостанай облысына инвестицияларды тарту және сақтау жол картасы.

Форумның басты міндеті – қостанайлық бизнеске тау-кен өндірісі, машина жасау, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру және туризмде ортақ жобаларды іске асыру мақсатында серіктестерді іздеуде көмек көрсету.

Сонымен қатар, өңірге инвестициалық капиталды тарту, бизнесті жүзеге асыру үшін жаңа трендтер мен мүмкіндіктерді талқылау. Форумда іскерлік байланыстарды орнатумен қатар, отандық бизнестің шетелдік серіктестер мен инвесторларымен тиімді ынтымақтастықтағына кедергі жасайтын мәселелер де талқыланды.

Форум қатысушыларға өңірде бизнесті жүргізудің экономикалық, құқықтық және басқа да шарттарын білуге, инвестициялық әлеуетпен таныс болуға, сонымен қатар ресми және іскер орта өкілдерімен экономиканың төрт саласындағы инвестициялық ынтымақтастық әлеуетін талқылауға мүмкіндік берді: ауылшаруашылығы, тау-кен өндірісі, машина жасау және туризм.

Форум қорытындылары бойынша, 2 мыңнан аса жұмыс орнымен қамтитын инвестициялау жөніндегі 20-дан аса шартқа қол қойылды. Оның ішінде Қостанай облыстық әкімдігі және Азия даму банкі, «Отбасы» АгропромХолдинг» ЖШС, «Global Gas Group» ЖШС, «JV MAN Auto-Uzbekistan» ЖШҚ БК, Польша-Қазақстан ауылшаруашылық кластері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ арасында меморандумдар, сонымен қатар «Тобол» Әлеуметтік-өндірістік корпорациясы» АҚ және «Завод «Век» ЖШҚ арасында құрылтай шарты, «Нұрлы жер» және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының аясында Қостанай облысының кәсіпкерлері мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ және екінші деңгей банктері арасында кепілдік шарттары, субсидия шарттары, несиелік келсімдер, өзара келісім жайындағы басқа да құжаттарға қол қойылды.

Жоғарыда аталған құжаттар қорытындысы бойынша, Қостанай облысына тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 580 млн.доллардан асты.

Форумды қорытындылай келе, Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамедов: «Бұл бағытта әлі де жұмысты жалғастыру керек. Біздің облыстың инвестициялық мүмкіндіктері шексіз» екендігін атап өтті.