Call center       +7 (7172) 57-37-46       +7 (707) 990-66-86
  • Қазақ (kk)
  • Русский (ru)
  • English (en)

БАҚ-тағы баспасөз аңдатпа:

2018 жылдың 12 қазанында Қостанай қаласында «Kostanay Invest 2018» атты өңірлік инвестициялық форум өтеді.

Форумның негізгі мақсаты:

– Инвестицияларды тарту саласындағы сарапшылардың қатысуымен өңір экономикасының басты салаларының келешектегі дамуын, инвесторларды тарту тетіктерін және моноқалаларды дамыту мәселелерін талқылау үшін диалог алаңын құру.

– Өңірдің экспорттық әлеуетін ашу, шетелдік инвестицияларды тарту кезінде стратегиялық маңызды құралдарды қолдану мүмкіндіктерін талқылау.

Қазақстаннан және шет елдерінен делегаттардың келуі күтіледі. Іс-шараға ұлттық компаниялар басшыларының, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің, даму институттарының, халықаралық қаржы институттары мен компаниялары өкілдерінің қатысуы жоспарланады.

Биыл Инвестициялық Форумның пленарлық отырысының тақырыбы «Қостанай облысының инвестициялық стратегиясы: дүниежүзілік тенденциялар, озық тәжірибе мен даму келешегі» деп аталады, Форум барысында қатысушылар экономиканың ең басты салаларына инвестицияларды тарту мәселелері талқыланады. Сонымен бірге, Форум делегаттары ауыл шаруашылығы, цифровизация және өңірлердің индустриялық даму мәселелерін талқыға салып, моноқалаларды дамытудың табысты мысалдарымен танысады. Қатысушыларға арналып ШОБ тақырыбы бойынша мастер-класс жоспарланған.

Өткізу орны:  Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармония (Қостанай, Тәуелсіздік көшесі, 85)