Call center       +7 (7172) 57-37-46       +7 (707) 990-66-86
  • Қазақ (kk)
  • Русский (ru)
  • English (en)

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР

KOSTANAY INVEST 2018» форумы қашан өтеді?

Форум 2018 жылғы 12 қазанда өткізіледі.

KOSTANAY INVEST 2018» форумы қайда өтеді?

Форум Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85 мекенжайы бойынша орналасқан Қостанай облыстық филармониясының ғимаратында өткізіледі.

KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумын өткізу мақсаты қандай?

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумын өткізудің негізгі мақсаты — өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін ашу және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен инвестицияларды тарту саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылау.  Форум қазіргі әріптестермен іске асырылып жатқан жобалар аясында ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа бастамаларды іздеуге бағытталған.

Форумда қатысушылардың бір-бірімен танысуы және кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдардың арасындағы кездесулерді B2B (business-to-business), B2G (business-to-government) нысанында өткізу үшін барлық жағдай жасалады.

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумына қатысушылар ретінде кімдер шақырылды?

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумына орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, халықаралық және ұлттық даму институттарының өкілдері, кәсіпкерлер, Қостанай өңірінде инвестициялық жобалары бар немесе осындай мүмкіндікті қарастырып жүрген  ірі, орта  және шағын бизнес өкілдері, сондай-ақ шетел қонақтары, сарапшылар шақырылған.

Форумның нысаналы аудиториясы қандай?

Форумның нысаналы аудиториясы — Қазақстанда және дәлірек айтқанда, Қостанай облысында инвестицияларды жасау мен бизнесті дамытуға арналған бүкіл мүмкіндіктер туралы ақпаратты қажет ететін кәсіпкерлер, инвесторлар, билік өкілдері, шетел қонақтары, сарапшылар.

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумын өткізу бағдарламасы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумын өткізу бағдарламасымен   http://kostanay-invest2018.kz/ форумының сайтында танысуға болады, бас мәзірінің «Бағдарлама» бетінде.

Форумның толық бағдарламасы оны өткізу күні жақындаған кезде орналастырылады.

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумында қандай сұрақтар талқыланбақ?

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумында үш дөңгелек үстел өткізіліп, олардың барысында мынадай сұрақтар талқыға салынбақ:

  1. Шетелдік және отандық инвесторлар үшін ауыл шаруашылығында өңірдің жаңа мүмкіндіктері: цифровизация, тауашалы жобалар, табысқа жету жолдар.
  2. Өңірдің негізгі салаларын дамытудың инвестициялық әлеуеті: тауашалы жобалар, Индустрия 4.0, өңірдің индустриялық дамуы.
  • Моноқалалардың дамуына инвестицияларды тарту: даму мәселелері, сарапшылардың пікірі, моноқалаларды дамытудың табысты мысалдары.

Сондай-ақ «KOSTANAY INVEST 2018» инвестициялық форумы аясында ШОБ өкілдеріне арналған мастер-класс өткізіледі, оның барысында өз ісінің мамандары бизнестің қыр-сырымен бөліседі.

«KOSTANAY INVEST 2018» инвестициялық форумының спикерлері туралы айтып берсеңіз?

«KOSTANAY INVEST 2018» инвестициялық форумының спикерлері  инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелеріне жауапты орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, халықаралық және ұлттық даму институттарының өкілдері, бизнесмендер, шетел қонақтары, кәсіпкерлер және Форумның дөңгелек үстелдерінің тақырыптарына сәйкес басқа да қонақтар болмақ.

Форумға тыңдаушы ретінде қатысуға болады ма?

Форумға тыңдаушы ретінде қатысу үшін  http://kostanay-invest2018.kz/ сайтында тіркелу қажет және үш тақырыптың біреуі бойынша дөңгелек үстел немесе мастер-класс секілді тиісті іс-шараны таңдау қажет.

Қостанай облысының әкімдігі Форумның аудиториясы көп болғанына мүдделі,  сондықтан Форумға қызығушылық танытқандардың барлығын қуана қарсы алады.

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумына қатысу тегін бе?

Қатысам деушілер «KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумына тегін қатыса алады.

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумына қатысу үшін міндетті түрде тіркелу қажет пе?

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумына қатысу үшін міндетті түрде тіркелу қажет.  http://kostanay-invest2018.kz/ форумының сайтында тіркелуге болады.

Форумға қатысушылардың сайтта алдын ала тіркелуі форумды өткізу күні тіркелу уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Орындардың саны шектеулі болғандықтан, Форумның қажетті шарасына ертерек келгені дұрыс.

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумы аясында тағы қандай іс-шаралар жоспарланады?

«KOSTANAY INVEST 2018» инвестициялық форумы төңірегінде 12 қазан күні, түстен кейін ШОБ өкілдеріне арналған мастер-класс өтеді, онда әр түрлі салалардағы сарапшылар ШОБ өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктер туралы баяндайды.

Сондай-ақ форум аясында, 13 қазан күні, Қостанай облысының Индустриялық аймағын ашу рәсімі жоспарланады.

Қостанай қаласының Индустриялық аймағы дегеніміз не?

Қостанай облысындағы индустриялық аймақ — кәсіпкерлер өздерінің өндірісін орналастыра алатын дайын инфрақұрылымы бар аумақ.

Қостанай қаласының Индустриялық аймағының алаңы – 400 га. Қазіргі таңда ПС 110/10 кВ қосалқы станциясы салынған, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері, байланыс, электр энергиясымен жабдықтау желілері өткізілген.

2017 жылдың желтоқсанында жергілікті бюджет қаражаты есебінен Индустриялық аймақтың болашақ резиденттеріне жайлы жағдай жасауға қажетті әкімшілік-тұрмыстық кешен салынған.

Индустриялық аймақтың аумағында өндірісті орналастыру кезінде өтініш берушіге жалдау шартында инфрақұрылымы бар жер учаскесі беріледі.

Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті туралы толық ақпаратпен қайда танысуға болады?

Қостанай облысының инвестициялық әлеуетімен  http://investinkostanay.kz/ru/ сайтында танысуға болады.

2017 жылы өңірдің инвестициялық жобалары мен алаңдары, сондай-ақ қолжетімді инфрақұрылым мен пайдалы қазбалардың болуы туралы ақпаратты қамтитын Қостанай облысының интерактивті инвестициялық картасы әзірленіп, пайдалануға берілді. http://map.investinkostanay.kz/ru картасындағы бүкіл ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген.

Қазіргі таңда картадағы нысандар (жобалар, алаңдар және жер учаскелері) бойынша ақпарат инвесторға нысанның орналасуы, алаңы, жол және инженерлік инфрақұрылымының болуы, бос және қолжетімді энергия қуатының көздері және инженерлік инфрақұрылымға қосылу нүктелері және т.б. негізгі өлшемшарттар бойынша нақты түсінік береді.

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумын өткізу кезінде Қостанай қаласында қайда тұрақтауға болады?

Қостанай қаласындағы ең танымал қонақ үйлер:

  1. «Медеу» қонақ үйі, телефондары: +7(7142)54-58-45, +7(771)494-45-99, сайты: http://www.medeuhotel.kz/
  2. «Тобол» қонақ үйі, телефондары: +7(7142)53-30-60, +7(7142)54-34-47, сайты: http://kompleks-tobol.kz/
  3. «Глория» қонақ үйі, телефондары: +7(776)731-58-83, +7(7142)54-83-45, сайты: http://glorya-kst.kz/ru

 

Сондай-ақ Қостанай қаласында нөмірлерді броньдауға және форумды өткізу уақытында тұрақтауға болатын басқа да қонақ үйлер бар. Олар туралы ақпарат www.booking.com сайтында бар.

Әлеуметтік желілерде «KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумы туралы ақпарат бар ма?

Facebook әлеуметтік желісінде «KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумының парақшасы бар:

https://www.facebook.com/Региональный-Инвестиционный-Форум-Kostanay-Invest-2018 -849756068558174/

Осы парақшада «KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумы туралы жаңалықтар жарияланады.

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумын ұйымдастыру және өткізу бойынша басқа сұрақтарға жауапты қайдан алуға болады?

«KOSTANAY INVEST 2018» өңірлік инвестициялық форумын ұйымдастыру мен өткізу бойынша басқа сұрақтарға жауаптарды «KOSTANAY INVEST 2018»  өңірлік инвестициялық форумының колл-орталығына
+7(7172) 57-37-46 телефон нөміріне қоңырау соғып, сондай-ақ
info@kostanay-invest2018.kz электрондық мекенжайына жазып алуға болады.