Call center       +7 (7172) 57-37-46       +7 (707) 990-66-86
  • Қазақ (kk)
  • Русский (ru)
  • English (en)

Форум жайында:

2018 жылдың 12 қазанында Қостанай қаласында «Kostanay Invest 2018» атты өңірлік инвестициялық форум өтеді.

Форумның негізгі мақсаты:

– Инвестицияларды тарту саласындағы дүниежүзілік сарапшылардың қатысуымен өңір экономикасының басты салаларының келешектегі дамуын, инвесторларды тарту тетіктерін және моноқалаларды дамыту мәселелерін талқылау үшін диалог алаңын құру.

– Өңірдің экспорттық әлеуетін ашу, шетелдік инвестицияларды тарту кезінде стратегиялық маңызды құралдарды қолдану мүмкіндіктерін талқылау.

Айта кетерлігі, өткен жылғы Форум өзін өңірдің инвестициялық әлеуетін талқылау бойынша диалог алаңы ретінде танытты. Осылай, 2017 жылы шара аясында экономиканың әр түрлі салаларында ынтымақтастық бойынша жалпы сомасы шамамен 200 млрд. теңге құрайтын 26 меморандумға қол қойылды.

Қазақстаннан және шет елдерінен делегаттардың келуі күтіледі. Іс-шараға ұлттық компаниялар басшыларының, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің, даму институттарының, халықаралық қаржы институттары мен компаниялары өкілдерінің қатысуы жоспарланады.

Биыл Инвестициялық Форумның пленарлық отырысының тақырыбы «Қостанай облысының инвестициялық стратегиясы: дүниежүзілік тенденциялар, озық тәжірибе мен даму келешегі» деп аталады, Форум барысында қатысушылар экономиканың ең басты салаларына инвестицияларды тарту мәселелері талқыланады. Сонымен бірге, Форум делегаттары ауыл шаруашылығы, цифровизация және өңірлердің индустриялық даму мәселелерін талқыға салып, моноқалаларды дамытудың табысты мысалдарымен танысады. Қатысушыларға арналып ШОБ тақырыбы бойынша мастер-класс жоспарланған.

Форумға қатысу әлеуетті инвесторларға өңірде бизнесті жүргізудің экономикалық, құқықтық және өзге де шарттарымен, облыстың инвестициялық әлеуетімен  танысуға, сондай-ақ ресми және іскерлік қауымдастықтың өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықтың болашағын талқылауға мүмкіндік береді.