Call center       +7 (7172) 57-37-46       +7 (707) 990-66-86
  • Қазақ (kk)
  • Русский (ru)
  • English (en)

Инвестиция жасауға мол мүмкіндіктер

Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды жасау және заманауи технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістердің ашылуына, қазіргілерді кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференцияларды ұсынудан тұрады.

Тау-кен металлургиялық кешен

Өнеркәсіптік өндірістің республикалық көлемінде Қостанай облысының тау-кен өндіру саласына темір кенді шекемтастың, боксит пен асбесттің 100%, темір кенінің 60% тиесілі. Облыс аумағында «ССГПО» АҚ орналасқан, ол жалпы Қазақстан бойынша темір кенін өндіру бойынша ең ірі кәсіпорын болып табылады. Қостанай облысы — Орталық Азиядағы  хризотил-асбесттің кен орны бар жалғыз өңір, дәл осы өңірде «Қостана минералдары» АҚ орналасқан. Сондай-ақ облыстың тау-кен металлургия саласының өкілдері ретінде «Варваринское»АҚ, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС және «Брендт» ЖШС (алтын қамтитын кенді өндіру, мыс концентраты мен «Доре» қорытпасын өндіру), «Қазақстан Алюминийі» АҚ филиалдары, Краснооктябрьск және Торғай боксит  кен басқармалары (боксит өндіру),  «Өркен» ЖШС-інің Лисаковск филиалы (темір кенін өндіру және байыту), «ЕвразКаспианСталь» ЖШС және «ССГПО» АҚ металл прокатының зауыты (ыссы иленген білік пен шыбықтарды өндіру).

Туризм

Экологиялық туризмнің орталығы ЮНЕСКО объектісі болып табылатын Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы болып табылады. Қазіргі таңда бұл аймақтың жалпы алаңы 191 381 га құрайды. Қорғау аймағының жалпы алаңы 116.7 га құрайды. Қорықтың аумағында 6 экскурсиялық жол бар, 2 экскурсиялық бағыт әзірленген. Туристерді қабылдау үшін қонақтарға арналған 3 үй, орманды насихаттау үйі бар. 2012 жылы «Наурызым – жұмбақ мекен» орталығы ашылды, оның ішінде мұражай экспозициялары, конференц-зал және шағын дәмхана бар.

Агроөнеркәсіптік кешен

Қостанай облысы республиканың астық қоры болып табылады және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосады. Облыста 5577 ауыл шаруашылығы құрылымы бар. Жаздық егіс алаңы 4,8 млн. га құрайды, оның ішінде астық дақылдары  – 4,2 мың га, май дақылдары – 351,3 мың га, азықтық дақылдар – 178,5 мың га. Ірі қара мал басы 471 мың бас құрайды, оның ішінде өндірістік секторда –  42%, жеке қосалқы шаруашылықтарда — 58%. Астықтың орташа жылдық экспорты 1450 мың тонна, ұн 860 мың тонна құрайды.

Машина жасау

Ауыл шаруашылығы техникасы мен комбайндармен қатар облыстың машина жасау саласында автомобиль құрылысы қарқын дамып келе жатыр. Қазіргі таңда автомобиль өнеркәсібін дамытуға «АгромашХолдинг» АҚ және «СарыаркаАвтоПром» ЖШС үлес қосуда, 9 бренд (SsangYong, Peugeot, Iveco, Toyota, Hyundai, JAC,Chevrolet Niva,Ravon,Ankai) автокөліктерінің 59 үлгісі өндіріледі, олар құрастырудың ірі торапты және ұсақ торапты тәсілдерімен шығаралады. Сондай-ақ машина жасау саласында мынадай кәсіпорындар жұмыс жасайды:  «Агротехмаш» ЖШС (тракторларды жинау, олардың қосалқы бөлшектерін өндіру және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу бойынша қызмет көрсету), «Дормаш» ЖШС (қосалқы бөлшектерді шығару, ауыл шаруашылығы мен жол техникасының тораптары мен агрегаттарын жөндеу),  «Дон Мар» ЖШС (тіркемелі орақ өндіру),  «АсмадинПроджект» ЖШС (маневр тепловоздарды жөндеу) және басқалар.